Бірлік пен мақтаныш мерекесі!
Райымбек ауданында Республика күніне шара ауқымы кең болды. Мемлекеттік мереке қарсаңында елдің еңсесін көтерген мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетілді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдері тиімді бағамен сатылды. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азамат мемлекеттік марапатқа ие болды. Ал қызметке жаңадан кіріскен жас мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады.
ЕРЛАН ҚАСЫМБАЕВ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
“Біздің бүгінгі ұлы мерекеміз Республика күні құтты болсын! Халқымыздың тұтастығы, бірлігі арта берсін, еліміз шарықтап дами берсін! Осы Қазақстан мерекесінде тілейтінім еліміз өркендем өсе берсін! Мемлекетіміздің дамуына атсалысайық, болашақ ұрпаққа керемет мемлекет қалдырайық!”