Жазушымен жүздесу

Кітап оқитын ұлт жобасы аясында Жамбыл аудандық кітапханасында «Қаламгерлер әлемі – рухани қазына» атты әдеби кездесу өтті. Шарада «Меценат» әдебиет сыйлығына лайық деп танылған Есболат Айдабоссынның «Бүкір» романы талданды. Басқосуға қазақтың белгілі журналисі Гүлзейнеп Садірқызы да қатысып, оқырмандармен кітап тақырыбы мен көтерген мәселесі жайлы ой бөлісті. Есболат Айдабосынның осы бағытта қалам тербеген алғашқы туындысы емес, оған дейін оқырман ықыласына бөленген «Сүлік қара», «Тұлпар» сынды әңгімелері әдеби ортада жақсы бағаланған. Қаламгерлер мен оқырмандарды тоғыстырған әдеби кеш ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттырып, жас ұрпақты кітап оқуға баулуды көздейді.

ЕСБОЛАТ АЙДАБОСЫН
ЖАЗУШЫ
«Бұл шығарманың оқырманға беретін мотивациясы қоғам сені қанша жерден төмендетсе де, саған сенбесе де, сені мұқатса да сен оған мойыма.Сенің ішкі рухын мықты болса, жеңіске жетуіңе толық мүмкіндігің бар.»  

ГҮЛФАЙРУЗ НҰРСҰЛТАН
ОҚУШЫ
«Бүгінгі іс-шара маған өте үлкен әсер етті және өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Өзім көптен бері шығармаларын оқып жүрген жазушыны жүзбе жүз көру маған үлкен мәртебе. Іс-шара өте жылы, шабыттандырарлық атмосферада өтті.»

Сондай-ақ оқыңыз: