Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы тағы 43 шақырымға ұзартылмақ
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы тағы 43 шақырымға ұзартылмақ. Жоба аясында Алматы қаласының батыс бөлігіндегі Ақын Сара көшесі кеңейтіліп, жол Қаскелең қаласы арқылы Ұзынағашқа дейін жалғасады деп жоспарланып отыр. Жобаның мегаполис пен облыс үшін маңызы зор. Осы маңызды бастаманы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдымен талқылады.
Айналма жолды ұзартып кеңейту – ауқымды жоба. Ол үшін алдымен мол қаражы мен жер учаскелері қажет. Бұл экономикалық және экологиялық тұрғыдан да дұрыс шешім. Басқоусда қазіргі жолды Жамбыл ауданына дейін жалғастырудың тетіктері қарастырылды. Сонымен қатар Ақын Сара көшесі мен Саин даңғылы аралығындағы 2 шақырым аралықты 10 жолаққа дейін кеңейту керектігі айтылды. Бұл мәселе бойынша да Алматы қаласы әкімдігіне ұсыныс тасталды. Мұны қалалықтар да қолдап отыр. Жоба қала ішіндегі көлік жүктемесін азайтып, транзиттік ағынды сыртқа бағыттауға ықпал етеді. Сонымен қатар, өңірлер арасындағы байланысты жақсартып, экономикалық белсенділікті арттыруға жол ашады.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
« ...Бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе отырып жедел іске асыруымыз керек. Сондай ақ ақын сара көшесін жалғастыру жобасы агломерацияны көлік байланысы бойынша жаңа деңгейге апарады. Бұл тұрғындардың уақытын үнемдеуге және көлік кептелісін азайтуға сондай ақ эканомикалық мүмкіндікті арттыруға мүмкіндік береді. Жалпы огламорецияның дамуына да жақсы серпін береді. Сол себепті осы жолдан бастап бірлесіп жұмыс істесек».
Жиында экология мәселесін жасқсарту, ірі қала іргесіндегі облыс тұрғындарын толықтай сұйық отынға көшіру үшін білек біріктіріп жұмыс істеу ұсынысы да айтылды. Бүгінде Қарасай, Талғар, Іле сынды мегополиспен шекаралас аудандарда 18 мың абонент әлі газға қосыла алмай отыр. Көбінің әлеуметтік жағдайы көтермейді. Сондықтан оларды қауіпсіз отынға қосу мәселдесінде Алматы қаласы қаржылай қолдау көрсетпек.
ӘСЕТ МАСАБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Мына экологиялық ахуалды жақсарту аясында біз біраз жұмыс атқардық. Қазіргі таңда біздің сұрап отырғанымыз тұрғындарға газ желілеріне қосылуды жеңілдеткізіп беру. Немесе берілетін қарыз ақшаны бір жылға емес екі жылға созып беру мүмкіндігін Алматы бюжеті есебінен қарастыру».
Осыдан кейін аймақ басшысы Марат Елеусізұлы Алматы облыстық өңірлік дамыту орталығы басшысы Ақжол Исақов пен әрі инвестициялық жобаларға қатысты басқарма жауаптыларымен кездесті. Бүгінгі таңда облыста 259 ірі инвестициялық жоба жүзеге асуда. Басты бағыттар ауылшаруашылығы, туризім мен ақ өңдеу өнеркәсібі. Солардың 40 пайыздан астамы отандық инвесторлар еншісінде. Деседе салада кейбір олқы тұстар да жоқ емес. Келісілген бірқатар жоба кестеден кешігіп жатыр. Сондықтан қаржыгерлерге қойылатын талап күшейтіледі. Бұған қоса инвест жобаларды инженерлік инфрақұрлыммен қамтамассыз ету жағы ақсап тұр деген Марат Елеусізұлы басқарма жауаптыларын бір сілкіп алды.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Біз жерді оларға бердік. Сыртқы комуникацияны біз жасау керек едік. Содан бері не істеп жатсыңдар? Жер бергенімізге бір жылдан асты сонда не істедіңдер? Тапсырма бар, инвестор бар. Біз тіпті инвесторды кінәлап отырмыз. Әйтеуір ана мынаған сілтеп жүресіңдер. Біз өзіміз жұмыс жасауымыз керек қой».
Жалпы облыс аумағында инвесторлар шоғырланатын 4 индустриплдық аймақ іс бастады. Соның ішінде қарқынды жұмыс істеп жатқаны Талғардағы «Қайрат». Оның жыл басынан бері өңір бюжетіне түсірген салық көлемі 5 миллиярд теңгеге жеткен.