Талғар ауданындағы саяжайда дау-дамай ұзаққа созылып барады
Талғар ауданындағы «Шиелі бақ» саяжайы тұрғындары мен жергілікті кооператив басшылығы арасындағы дау-дамай ұзаққа созылып барады. Басты себеп - кооперативтің коммуналдық төлемдер бойынша ірі көлемдегі қарызы. Тұрғындар жарық пен суға қаржыны уақытылы төлейміз десе, кооператив басшылығының өз уәжі бар. Дегенмен мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай келеді.
Тұрғындар кооператив төрағасынан қаржының қайда жұмсалғанын анықтау үшін ревизия жүргізуді талап етті. Ал қарыз көлемі аз емес. Алайда бұл мәселе бойынша мәміле жоқ. Тұрғындармен келісі алмаған кооператив төрағасы жиналыстан кетіп қалды. Халық барлық қаржылық құжаттарды тексеріп, қарыздың нақты кімдердің кесірінен пайда болғанын анықтауды сұрайды.
АНАСТАСИЯ ЗЕНГ
САЯЖАЙ ТҰРҒЫНЫ
Аударма “Соңғы үш жылда бізде толықтай бейберекетсіздік . Бұрын жыл сайын ревизия жүргізілетін, ал қазір мүлде жоқ. Биыл тексеріс бірнеше рет кейінге шегерілді. Ақшаның қайда жұмсалып жатқанын білмейміз. Сметалар бекітілмеген, қарыздар тізімі көрсетілмейді. Қарыз көлемі 13 миллион теңгеден асып кеткен”
Ал округ әкімінің айтуынша, саяжай қауымдастықтарына тәуелсіз аудит жүргізуге бюджеттен қаражат қарастырылмаған. Бұл саяжай бірлестігінде 600-ден астам отбасы тіркелген. Соңғы жылдары төрағалары бірнеше рет ауысып, көлемді қарыз пайда болды. Аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
АЛЕКСЕЙ ДОРОШКЕВИЧ
«ВИШНЕВЫЙ САД» БІРЛЕСТІГІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ
Аударма «Жергілікті атқарушы органдарға, прокуратураға және әкімдікке үндеу жасағым келеді. Прокуратура тексеру жүргізуге көмектессе дейміз. Әкімдік адал төлеушілерді электр желісінен ажыратуға жол бермеуі тиіс. Сонымен қатар, полиция басқармасы біздің арызымызды қарастырып, тиісті шара қолданса екен дейміз.
Енді тұрғындар мәселені өз күштерімен шешуге кірісіп, тәуелсіз аудит жүргізу үшін қажетті қаражатты жинай бастаған. Жалпы елді мекен шекарасына ену – саяжай тұрғындары үшін маңызды мәселе. Талғар ауданында 139 саяжай болса, оның 78-і ауыл құрамына енген.