СДУ университетінде «Жаңа Конституция – Жастар» атты республикалық форум өтті

СДУ университетінде 80-нен астам жоғары оқу орнының көшбасшыларын бір алаңға жинаған «Жаңа Конституция – Жастар» атты республикалық форум өтті.

Ауқымды жиын жастардың құқықтық сауатын арттыруға және елдің негізгі заңын тереңірек түсіндіруге бағытталды. Форум барысында жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының «Толық адам» ілімі негізінде жастардың рухани-адамгершілік, зияткерлік және көшбасшылық қасиеттерін дамыту мәселесі көтерілді. Сала мамандары мен спикерлер студенттерге Абай ілімінің қазіргі қоғам үшін өзектілігін айтып,  оны өмірлік бағдар ретінде ұстанудың маңызын жеткізді. 

ӘЛІМЖАН ИГЕНБАЕВ 
SDU UNIVERSITY РЕКТОРЫ 
«Енді бұл іс-шара Қазақстан өте маңызды іс-шара деп ойлаймыз. Себебі жастардың өзара ауызбіршілігі, өзара жұмысы ел ертеңінің үлкен кепілі деп ойлаймыз. Сондықтан министрлік тарапынан да үлкен қолдау бар. Университет әкімшілігі бір алаңда жиналуына үлкен себеп болды.

Сондай-ақ оқыңыз: