Журналист Есболат Айдабосынның сиясы кеппеген «Бүкір» романы талданған әдеби кездесу өтті

Абай атындағы Ұлттық Педагогика  университетінде  қаламгер, журналист  Есболат Айдабосынның сиясы кеппеген «Бүкір» романы талданған әдеби  кездесу өтті.

Басқосуға  әдебиет сыншысы, ғалым Бекен Ыбырайым мен алаштанушы Елдос Тоқтарбай қатысып, қазіргі қазақ прозасы жайлы ой қозғады. Сарапшылар романның идеялық өзегіне, автордың тілдік өрнегіне және кейіпкер психологиясын ашудағы тәсілдеріне тоқталды. «Автордың үлкен әлеуметтік әрі философиялық мәселені қарапайым, түсінікті тілмен жеткізе алғаны жөнінде  пікірлер айтылып, шығармадағы ішкі тартыс сараланды. “Бүкір» романы  меценаттық бағыттағы әдеби байқауда талқылау кезеңінен өтуде. Қазір бір айға созылатын ашық дауыс беру науқаны жүріп жатыр. Бұл үдеріс жас оқырмандар мен әдебиеттанушылардың пікірін ескеруге мүмкіндік береді. Кеш ашық сұхбат алаңына айналып, қатысушалар көркем шығарма жазудағы авторлық жауапкершілік, қазіргі әдеби процестегі жаңашылдық пен кәсіби шеберлік мәселесін көтерді .

ЕСБОЛАТ АЙДАБОСЫН 
ҚАЛАМГЕР, ЖУРНАЛИСТ 
«Кейінгі буын жастардың да романдары шығып жатыр. Қазіргі қазақ прозасында роман жанрының дүмпуі болып жатыр. Осы дүмпуге біз де қалыс қалмай азды кемді үлес қосып жатрымыз. СКЛ. Шығарманың оқырманға берер мотвациясы да сол. Сізді қоғам қабылдасын, қабылдамасын, сырт келбетіңізді мұқатсын, кекетсін, бірақ сіздің лайықты өмір сүруге құқыңыз бар. Сіз жеңімпаз болуға лайықсыз деген мотивацияны береді.»

Сондай-ақ оқыңыз: