«Сөз құндылығы» форумы
Есік қаласында «Сөз құндылығы – цифрлық дәуірде» жобасы аясында мазмұнды семинар өтті. Шара тіл тазалығы мен ұлттық сөз құндылығының маңызын айқындап, жастарды сауатты әрі көркем сөйлеу мәдениетіне баулуды мақсат етті. Қатысушылар ақын Тұманбай Молдағалиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым жасады. Сонымен қатар білім беру саласындағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері таныстырылып, тіл жанашырлары мен белсенді азаматтар марапатталды.
САЛТАНАТ БЕСПАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Қазіргі таңда өте бір қуанышты жағдай өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді жеттік меңгеруге өте құштар. Бізде Алматы облысының тілдерді басқару орталықтарына қарасты орталықтарда курстар бар. Арнайы мемлекеттік тілдерді үйрету курстарына өзге ұлт өкілдері қатысып мем тілді тез меңгеруде»
АЗИЗ ЛЕЗГИЕВ
ЕСІК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Қазақ тілі көшіп келген соң бірден үйреніп алдым. Қазақ тілін үйрену қиын емес. Қазақ мемлекетінде тұрған соң қазақ тілін білмесең қалай болады. Үйдегі бала-шағаны қазақша үйретеміз. Келініміз өзі мектепті қазақ тілінде бітірген. Қазір өзіміз қазақша білгенімізді айтамыз.»