ӘСКЕРДІҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ
Қонаев гарнизонында ашық есік күні өтіп, әскери өмірдің тыныс-ттіршілігі көрсетілді. Іс-шараға сарбаздардың ата-анасы, оқушылар, әскерге дейінгі даярлықта жүрген жастар мен қала тұрғындары қатысты. Оларға сарбаздардың тұрмыс жағдайы, казармалар, заманауи қару-жарақ, байланыс құралдары мен әскери жабдықтары көрсетілді. Әсіресе саптық дайындық, қоян-қолтық ұрыс және жауынгерлік тәсілдер қамтылған көрсетілім көпшіліктің қызығушылығын оятты. Болашақ сарбаздар әскери өмірді жақыннан көріп қана қоймай, өздерінің де шымырлығы мен ептілігін сынап көрді. Жастар арасында әскери-қолданбалы сайыстар ұйымдастырылып, қатысушылар автоматты бөлшектеп-жинаудан, оқжатарды патронмен жабдықтаудан, тартылудан және кедергілер жолағынан өтуден бақ сынасты.
ЗИЯБАЙ ЫСМАЙЫЛОВ
ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Бүгін көрдім. Қазір біздің армия жақсы. Барлық жағынан жетілдірілген. Дайындықтарын көрдім. Казарма ішінде жатқан раположениенің бәрін көрдім. Бәріне көзім жетті. Балам жақсы жерде служить етіп жатыр. Біздің Қазақстан армиясы жақсы. Скл. Служить еткен кездерімді есіме алдым. Қызықты сәттерім есіме түсті армиядағы.»