Алатауда газ бар
Алатау қаласына қарасты Дәулет шағын ауданында енді пеш жағып, күл шығару бейнеті артта қалды. Мұндағы тұрғын үйлер табиғи газға қосылып, халық «көгілдір отынның» игілігін көре бастады. Бұл -аймақтағы инфрақұрылымды жақсарту бағытында атқарылған ауқымды жұмыс жемісі.
Көгілдір отын алдымен 90 жастағы тыл ардагері Николай Миреевтің үйіне қосылды. Көптен күткен қуанышқа кенелген ақсақал келген қонақтарға ризашылығын білдіріп,батасын берді.
НИКОЛАЙ МИРЕЕВ
ТЫЛ АРДАГЕРІ
Әрине қуаныштымын, орыста мақал бар «не дорог обед, дорог привет»-деген, елеп-ескергендеріңе мың да рахмет. Жақсы күтіп жатсыңдар, елеп ескергендеріңе.
Алатау қаласы әкімінің айтуынша, шаһарды газдандыру жұмыстары мұнымен тоқтамайды. Алдағы уақытта ауқымды жобалар жоспарланған.
ӘРКЕН ӨТЕНОВ
АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Жалпы, енді өздеріңіз білесіздер Алатау қаласында ең басты мақсаттардың бірі осы инфрақұрылымды жаңарту, инфрақұрылымды өткізу. Осындай жұмыстар барлық салалар бойынша жүргізіліп жатыр. Жобалар жасалып жатыр. Міне, бүгін осы жұмыстың нәтижесі, көрінісі. Мұндай жұмыстар жалғасатын болады, алда қазір Заречный, Арна ауданын газға қосу мәселесі, Құйған шағын ауданы бар. Оларды да газға қосамыз.
Былтыр бізде Еңбек, Жаңа Арна және Жетігеннің екінші бөлігін осылай газға қосу жұмыстары жүргізілді.
АСЫЛ МҰҚАНӘЛІ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Облыс бойынша бізде 373 елді мекен бар жаңағы бес қаламызды алған кезде. Оның ішінде 52,2 пайыз ол қазір 169 елді мекен газбен қамтылған. Бұл жұмыстар әлі де жүріп келе жатыр. Өздеріңіз көріп тұрғандай бүгін «Дәулет» ш/а бар, одан да бөлек өздеріміздің жоспарларымыз бар, сол жоспар бойынша жұмыстар жүргізіліп келе жатыр, 2030 жылға дейін Алматы облысын толығымен газбен қамтамасыз ету жоспарланған.
Қазір Дәулет шағын ауданында 3 мыңға жуық адам тұрады, бұл дегеніміз-мыңға жуық отбасы газдың рақатын көреді деген сөз. Жалпы, Алатау қаласының басым бөлігі қазірдің өзінде көгілдір отынға қосылып үлгерген. Ал алдағы уақытта жаңадан салынған үйлерге де газ бен басқа да қажетті коммуникациялар кезең-кезеңімен тартыла бермек.