Медициналық қолдау

Алматы облысында жұмыссыздарға 1,2 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаржы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалған азаматтардың жарнасына бағытталмақ.

Аталған бастама Өңірлік штаб отырысында жарияланды.Жыл басынан бері сақтандырылмағандар саны 235 мыңнан астам адамды құрап отыр. Көрсеткіштің төмендеуіне Талғар, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Жамбыл аудандары мен Қонаев қаласындағы жұмыстың баяулығы себеп болған. Жұмыстың баяулығын облыс әкімінің орынбасары  Ғани Майлыбаев сынға алды. Ал облыс бойынша позитивті динамика Ұйғыр және Балқаш аудандарында байқалады.  Қазіргі уақытта облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қажетті қаражатты бөлу туралы ресми хат жолданды. Ол мәселе алдағы мәслихат сессиясында түпкілікті шешілмек. 

НҰРЛАН ҚЫДЫРБАЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
"Жеке кәсіпкерлер бар, сосын ауылшаруашылықта жұмыс істеп жүрген бар сосын мына жеке таксистер. Олар тек төлемдер болғанмен мысалы олар ешқандай мысалы не зейнетақыға немесе ӘМС қорына ешқандай төлемдері жоқ. Сондықтанда олар өздерін. Сол кісілергі жаңағы мына кәсіпкерлер палатасы, атамекен палатасы арқылы, сосын мына мемлекеттік кірістер арқылы оларды анықтап біліп, оларға дұрыстап түсіндіріп оларға не үшін қажет екенін. Өйткеені егерде қандай да бір жағдай болып, туындап тұратын болса медициналық көмектің қолжетімділігін, тікелей қолжетімілігіне жеткізу үшін жасалып жатқан іс шарамыз бұл.

Сондай-ақ оқыңыз: