Балқаш ауданында 90 отбасы жаңа қонысқа ие болды
Жеңіс мерекесі қарсаңында Балқаш ауданында 90отбасы баспаналы болды. Бұл баспаналар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген. Жаңа үйдің кілтін алғандардың қатарында Қойшығұловтар әулеті де бар. Алты бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы бүгін жаңа шаңыраққа толық құрамда келіп, қуаныштарымен бөлісті.
Әділхан Қойшығұлов
Балқаш ауданының тұрғыны
Ұлыма беріп отыр. Жар дегенде жалғыз ұлым бар еді, соған беріп отыр мына балаларға бола. Алты ұлы бар, балалары соған міне ауданымыз өте жайлы квартира беріп жатыр. Көп көп рахмет, ауданымызға ауданымыздың әкімшілікке де көп көп рахмет. Өмірде осы балалардың бір қызығы ғой, осы бала дейміз балалар үшін қуаныштымыз.
Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында жеке кәсіпкерлер арқылы басталып, кейін мемлекет есебіне сатып алынған. Берілген үйлердің 82-сі Бақанас ауылында, ал 8-і Ақдала ауылында орналасқан. Әр үй 3 бөлмелі, аумағы 80 шаршы метр. Баспаналар заманауи талаптарға сай жарық, су және газ желілерімен толық қамтылған.
Азат Құтпанбетов
Балқаш ауданының әкімі
Жалпы ауданда бүгінде 1056 адам кезекте тұр. Оның ішінде әлеуметтік осал топта 627 отбасы осы әлеуметтік осал топтағы азамттар. Осы бағдарламаға сәйкес, биылғы жылда ауданда 150 үй жоспар беріліп отыр. 150 тұрғын үйді соғу мәселесі, осы жыл соңына дейі сол үйлер соғылып жылдың соңында табыстауды жоспарлап отырмыз.
Мереке аясында берілген үйлер әлеуметтік осал топтағы азаматтарға табысталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында тұрғындарды баспанамен қамту жалғасуда. Аудан басшылығының мәліметінше, мұндай тұрғын үй жобалары алдағы жылдары да жоспарлы түрде жүзеге асырылады.