Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа тұжырымдама талқыланды

Өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейтуге арналған маңызды кездесу өтті.

Басқосуда 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жүзеге асырылу нәтижелері сараланып, алдағы кезеңге арналған жаңа бағыттар талқыланды. Жиын барысында қолданыстағы тұжырымдаманың мерзімі биыл аяқталатыны айтылып, осыған байланысты жаңа стратегиялық құжат әзірлеу жұмыстары басталатыны мәлім болды. Қатысушылар тұрмыстық жемқорлықты азайту, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, қоғамдағы ашықтықты күшейту мәселелеріне ерекше назар аударды. Кездесуде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізу арқылы жемқорлық тәуекелдерін төмендету бағытындағы тың ұсыныстар да ортаға салынды. Алматы облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Нұрсұлтан Сейдалиев «Адалдық лигасы» жобасының маңыздылығына тоқталды.

«“Адалдық лигасы” – ең алдымен жоғары оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жоба. Осы бағытта төртжақты келісім жасалды. Соның нәтижесінде бүгінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісі мектеп деңгейінен басталып, кейін жоғары оқу орындарында жалғасып жатыр», – деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз: