Сауда нарығын бақылау

Елімізде сауда кешендерін жаңғырту жұмысы жалғасып жатыр.

Жоба аясында базар аумағындағы бейберекет орналасқан дүңгіршектер мен сауда нүктелерін кезең-кезеңімен ретке келтіру көзделген. Осыған байланысты «Алтын Орда» базарындағы қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев танысты. Жұмыс сапары барысында инфрақұрылымды жаңарту  баға тұрақтылығы мен заң талаптарын сақтау мәселесі талқыланды. Министрлік өкілдерінен құралған жұмыс тобы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізді. Тексеру барысында кейбір өнімдердің бағасын 15 пайыздан артық көтеру фактілері анықталып, кәсіпкерлерге әкімшілік шаралар қолданылды.


ЖЕҢІСБЕК АХМЕТОВ 
ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ 
“Біз бұған дейін тексеру жүргіздік “Алтын орда” базарына. Бұл жерде ет өнімдеріне және көкөніс өнімдеріне қатысты бағаның үстемесін асысырп сатқан кәсіпкеркер анықталды. Оған сәйкес 13 тексеру тағайындалып, тоғызына қысқартылған түрде 10 812 теңгеден айппұлдар салынды

Сондай-ақ оқыңыз: