Алтын орда адамзатқа ортақ мұра

Астанада өткен “Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік” халықаралық симпозиумында Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орданың тарихи маңызы мен оны жан-жақты зерттеудің өзектілігіне тоқталды. Мемлекет басшысы Алтын Орда Еуразия кеңістігіндегі ірі империялардың бірі болғанын,  әлемдік өркениеттердің дамуына ықпал еткенін атап өтті.  Алтын Орда тарихы – тек бір мемлекеттің емес, адамзатқа ортақ мұра. Президент тарихи деректерді бұрмалауға жол бермеу және ғылыми зерттеулерді халықаралық деңгейде жалғастыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ ол Алтын Орданың мемлекеттік басқару жүйесі, қалалық мәдениеті және жаһандық саудаға әсері жан-жақты зерттелуі тиіс екенін жеткізді. Мемлекет басшысы Қазақстанның ЮНЕСКО ұйымымен бірлескен жобаларына тоқталды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы петроглифтері секілді мұралардың әлемдік тізімге енгенін еске салды. Симпозиум аясында тарихи-мәдени мұраны зерттеуді тереңдету, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және жаңа археологиялық зерттеулерді дамыту бағытында ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ оқыңыз: