Зиянкестермен күрес
Райымбек ауданында ерікті анықтаушылардың көмегімен 54 мың гектар аумақта зиянкестер ошақтары анықталды. Қазір егіс алқаптарын қорғау мақсатында арнайы дәрілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 2 арнайы техниканың көмегімен мың гектардан астам жер химиялық өңдеуден өтті. Мамандардың айтуынша, залалсыздандыру шаралары бақылауда. Дәрілеу жалғасып, зиянкестердің таралуына жол бермеу үшін кешенді жұмыс атқарылады.
НҰРСҰЛТАН ҮСЕНҒАЛИҰЛЫ
СЕРІКТЕСТІК ӨКІЛІ
“ ..Райымбек ауданы Шәлкөде ауылында қазір МТЗ-тракторымен жәнеде Доуфинг маркалы копфункцианалды техникалары өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта Райымбек ауданының барлық ауылдық округтерінде жұмыстар жүргізілетін болады.”