Ауруханаға сый
Сый саулық үшін жасалсын! Іле аудандық орталық ауруханасына жалпы құны 68 миллион теңгеден асатын өкпені жасанды желдету аппараттары табысталды. Жансақтау бөліміне арналған 4 заманауи құрылғыны демеушілер сыйға тартты. Медициналық құрал-жабдықтар енді халық игілігіне қызмет етпек. Жасанды тыныс алу аппараттары ауыр жарақат алған және күрделі ота жасалатын науқастар үшін аса қажет. Қазіргі таңда орталық аурухананың жансақтау бөлімінде 12 төсек-орын және 10 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Дәрігерлер мұндай құрылғылардың тапшылығы сезіліп келгенін айтады. Ал кәсіпкер “жаңа жабдықтар реанимация бөлімінің жұмысын жеңілдетіп, науқастардың тезірек сауығып кетуіне септігін тигізсе болғаны” дейді.
РУСТАМ МУКРЕЕВ
ІЛЕ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
«Қазіргі таңда бізге өте қажет. Өйткені реанимацияда апараттар күні түні үздңксіз жұмыс істейді. Кейбірі бір тәулік болса, кейбірі 10 тәулік тіпті кейбірі 60 тәулік жатуы мүмкін»
ЕРБОЛАТ ХАМИТОВ КӘСІПКЕР
«Бұл жабдықтар науқастардың жеңіл тыныс алуына көмектеседі. Ауыр жағдайдағы науқастарға керек. Яғни, отадан кейін осы құрылғының көмегіне сүйенеді. Сондықтан ел алдындағы перзенттік борышымызды өтегім келіп, осындай сый жасауды ұйғардым»