Журналистер аллеясы ашылды
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде «Журналистер аллеясы» ашылды.
Қаскелең орманшылығында өткен ауқымды экологиялық бастама ұлттық парктің 30 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асып отыр. Аллеяның ашылуына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, экологтар, қоғам белсенділері мен еріктілер қатысты. Шара барысында қатысушылар ағаш көшеттерін отырғызып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Ұлттық парк өкілдерінің айтуынша, жаңа аллея журналистердің қоғамдағы еңбегіне құрмет ретінде ашылған. Шара барысында ұлттық парк қызметкерлері табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және экологиялық ағарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.
РАЙХАН МҰХАМЕДЖАНОВА
ІЛЕ АЛАТАУЫ МҰТП БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Біз үнтүнсіз журналистер болмаса халыққа жеткізе алмаймыз. Солардың еңбегінің құрметіне ашылып жатқан аллея». Бұл аллеяға отырғызылатын ағаш өзіміздің Медеу филиалынан әкелінді. Оған қоса Қаскелең орман бақшасында бапталған ағаш.
ЕРБОЛ АЗАНБЕК
ҚАЗАҚ МЕДИА ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Бұл өте керемет жаңалық. Журналистер күніне қарсы ашылып жатқанға қуанамыз».