Кәріз жүйесі істен шықты

Боралдай кентінің тұрғындары кәріз суының қолқаны қабатын жағымсыз иісінен мезі болғанын айтып шағымданды. Олардың сөзінше, Ломоносов көшесінде кәріз суын жүргізетін станцияның құрылысы басталғалы жағымсыз иіс күшейіп, далаға шығудан қалған. Тіпті тұрғындар арасында көкжөтел көбейіп, балалар ойын алаңына бара алмай қалыпты. 

АҚЖАН АНАПИЯ 
ТІЛШІ 
“Осы маңдағы көпқабатты тұрғын үйден бөлек, Әйтеке би шағын ауданы мен тағы бірнеше тұрғын үйдің кәріз суы дәл осы кәріз сорғы станциясына құяды. Алайда бір ғана техниканың мұндай жүктемеге төтеп бере алмайтыны анық. Соның салдарынан үй маңын лас су басқан.”


Сорғы станциясы қолайсыз жерге орналасып, жүйелі күтім жасалмағандықтан қалдық су жер бетіне дейін көтерілетін көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, бұл- мәселенің бір шеті ғана. Жағымсыз иіс пен айналаға жайылған лас су бактерия мен вирустардың көбеюіне қолайлы жағдай туғызады. Сондай-ақ маса мен шыбынның көбеюі тері аурулары мен аллергиялық сырқаттардың артуына әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдай әсіресе балалар мен жүкті әйелдердің денсаулығына қауіпті. 


КӨПЖҮРСІН МӘДРИМОВ 
БОРАЛДАЙ КЕНТІ ТҰРҒЫНЫ 
“Біздің ауламызда постоянно осындай сцлар шығып жатады. Мына істеген нелері дұрыс емес. Мына насос істеген, қолдарынан келмей ма винзавозбен су тартып кетеді да мына жерден. Ал былай күндіз жүру мүмкін емес. Мына жердің иісі ауланы алып жатады и балалар ойнайды. Мына қазған жерлердің бәрі ойылып жатады.”


Елдімекенде инфрақұрылым мәселесі бұрыннан өзекті. Мұнда мекемелер мен тұрғын үйлер тығыз орналасқан. Станция болғанымен электр қуаты жетпей, жер астындағы құбырлар істен шықты. Содан лас судың бәрі сыртқа ағады. Десе де қазір жаңа су сорғының құрылысы жүріп жатыр. Аталған мәселе орын алмау үшін станция жанынан су қоймасын салу көзделген. Оған бюджеттен 15 миллин тенге қаржы қарастырылыпты. 


ДАНИЯР ҚОҢЫРБАЕВ 
БОРАЛДАЙ КЕНТІ ӘКІМІ 
Бұл канализацияның жұмысы екі этаптан тұрады. Бірінші 2023-24 жылы қолға алнығна болатын. Ол жобаға сәйкес екі насос станциясы салынды. Ол 10,8 КМ трубалар ауысты.  Екінші этап 24-25 жылы. Бүл Арман Абк деген компания бұл жерде 7,5 км внут кв жұмыс жүргізген болатын Оның тапсырыс берушісі Іле аудандық жкх бөлімі. 


Былтыр басталған жоба аясында бірқатар көшеде қазу жұмыстары жүргізіліп, жолдар бүлінген. Құрылыс әлі жалғасып жатқанымен, көшедегі шұңқырлар тұрғындарға қолайсыздық туғызып отыр. Ал ата-аналар балаларын жол бойына алаңсыз жіберуден қорқады. 


ВЕРОНИКА ХЛОБСТОВА
БОРАЛДАЙ КЕНТІ ТҰРҒЫНЫ
«Бізде былтыр кәріз желісін тарту барысында жер қазылып, құбыр төселген. Алайда қазылған топырақ сол күйі қайта көмілмеді. . Ешқандай нығыздау жұмысы жүргізілмеді. Салдарын міне, көріп отырсыздар.»

Кәріз станциясы жобасының жалпы құны – бір миллиард теңгеден асады. Алайда жобадағы кәріз құбыры талапқа сай орналаспаған. Көшелерге мініп тұр. Ал тұрғындардың жайлы өмірі үшін қара жолды  қалыпқа келтіруге 56 миллион тенге бөлініпті. 


ДАНИЯР ҚОҢЫРБАЕВ 
БОРАЛДАЙ КЕНТІ ӘКІМІ
«43 көше хват жасалды. Оларға су құбырын жаңалап беру мақстаында жұмыстар атқарылып жатыр. Ол биыл жыл соңына дейін атқарлады деп жобалап отырмыз .Енді ол қазылу керек қой. Енді ол қайтадан қалпына келтіріледі.» 


Жаңа су сорғы станциясы маусым айының соңында іске қосылады. Ал кент ішіндегі көшелерді қалпына келтіру жұмысы жыл соңына дейін толық аяқталуы тиіс. Жауаптылар сөзінде тұрса, инфрақұрылымдық түйткілдер кезең-кезеңімен шешіледі. 

Сондай-ақ оқыңыз: