Сақтық керек
Ұйғыр ауданында Ыстық суға шомылып жүріп қайтыс болған ер адам туралы әлеуметтік желіде тарады. Бейрейсіми ақпарат бойынша азаматтың жүрегі сыр берген.
Ал Термалды су көздеріне түсу кезінде демалушылар денсаулығын алдын ала тексеруден өткізгені жөн. Жер астынан бұрқырап шыққан шипалы су әркімнің ағзасына бірдей пайда әкеледі деп қарау жаңсақ түсінік. Сондықтан барлық азамат суға түспес бұрын денсаулығын арнайы мамандарға тексертуі тиіс дейді дәрігерлер. Әсіресе жүрек-қан тамыры ақауы бар сондай ақ артериялық қысымы жоғары азаматтарға мейлінше абай болғаны жөн. Мұның қатарына жүкті әйелдер де кіреді.
НҰРАСЫЛ ТҰРАҚОВ ДӘРІГЕР ТЕРАПЕВТ
Созылмалы жүрек ауруымен аруыратын науқастар, қан қысымы жоғары науқастар, бұрын соңды инфак инсулит алған науқастар дәрігердің кеңесін алып барып демалысқа шығуларыңызды ұсынамын. Әр адам өз денсаулығына жауапты. Сондықтан жаздық демалыста сақ болыңыздар. Өздеріңізді күтіңіздер. Абай болыңыздар.