Қонаев тұрғындары газ күтуде

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев тұрғындармен тікелей кездесу өткізіп, аймақ халқын толғандырған өзекті мәселелерді назарға алды. 


Қабылдау барысында 9 азамат өз өтінішін жеткізді. Көтерілген мәселелердің қатарында газ, су және жол инфрақұрылымы бар. Әсіресе, Қарлығаш шағын ауданының тұрғындары газ тарту жұмыстарының баяу жүріп жатқанына алаңдаулы. Әкімдік өкілдері бюджет мүмкіндігіне сай биыл жұмыстың тек бір бөлігі атқарылатынын айтып, толық аяқталу мерзімі келесі жылға жоспарланғанын мәлімдеді. Ал көгілдір отын толық жеткенше, халық қыста қысылуы керек. Ол үшін ұсыныс та жоқ емес. Әкімдік тұрғындарға электрлі пештер орнату мүмкіндігін де қарастырып жатқанын айтты.


МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Биыл электричество қосып берейік. Суммасын көмектесеміз. Өйткені биыл тек қана ПСД болса, құрылысы келесі жылы болады или биыл ары кетсе там күзде ғана басталады да, ал оны биыл үлгермейміз. Қыста сомен шығамыз, келесі жылы уже газға қосу керек болады. 

Сондай-ақ оқыңыз: