Аумақтық қорғаныс оқу жаттығулары пысықталды

Қарасай ауданында әскери қызметкерлер мен әскери міндеттілер арасында басталған тактикалық оқу-жаттығу аяқталды. 
Өңірлік қорғаныс жүйесінің дайындығын жетілдіруге бағытталған ауқымды шара он күнге жалғасты.  Оқу-жаттығуға 27 мен 51 жас аралығындағы жалпы саны 160 қа жуық офицер мен сержант қатысты. Олар мұнда қоян-қолтық ұрыс тактикалары мен төтенше жағдай кезінде әрекет ету жоспарын пысықтады. Әрі алғашқы медициналық көмек қызметі де өз дайындықтарын қайталады. Еске салсақ оқу -жаттығу жылына екі мәрте өтеді. Алда бұл іс-шараны Ұйғыр ауданында өткізу жоспарланған. 

БЕРІК ЕЛІКБАЕВ 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ ҚОРҒАНЫС БРИГАДАСЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Алатау жарық элект станциясын обьект ретінде бекітіп, қандай да бір шабуыл жасаған кезде біздің әскери міндеттілер қалай әрекет керегі бойынша тактикалық жұмыс атқарылды.Одан бөлек демалыс күндері барлық әскери міндеттілерге спорттық шаралар ұйымдастырылды. Концерттік бағдаламалар, патриоттық фильмдер көрсетілді.»

Сондай-ақ оқыңыз: