ЕАЭО: өсім мен технология

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті.

Жиынға Ресей Президенті Владимир Путин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Президенті Александр Лукашенко мен Армения вице-премьері Мгер Григорян келді.  Кездесу барысында сыртқы сауда, цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды. Өз сөзінде президент интеграцияны нығайту, тұрақты экономикалық өсім мен технологиялық дамудың маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, экономиканы цифрлық трансформациялау, логистика мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту сынды одақтың халықаралық ынтымақтастығын кеңейту бағытындағы негізгі мақсаттар мен қағидаттарды жүйелі түрде жүзеге асыруға ниетті екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз: