Су жүйесі жаңарды
Райымбек ауданында ауыл шаруашылығы мен су инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі жалғасуда.
Соның бірі – Шалкөде ауылдық округіндегі Шибұт тоғанында тасқын және қар суларын жинауға арналған бөгет дамбысын қайта жаңғырту жобасы.
Қазіргі таңда нысанның құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жоба аясында дамбыны күшейту, су өткізу жүйелерін жаңарту және қауіпсіздік шараларын арттыру жұмыстары жүргізілген. Мамандардың айтуынша, нысан алдағы уақытта көктемгі су тасқынының алдын алып, су қорын тиімді жинауға мүмкіндік береді.
ӘСЕЛ САҒЫНЫШҚЫЗЫ
«ТУНАС» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Шалкөде ауылындағы дамбыны 25 жылы тендер арқылы ұтып алғанбыз, қазіргі таңда жұмысымыз 90 пайызға бітіп тұр, Алла қаласа 26-ның 7-айында жұмысымызды толығымен аяқтап, тексеріп, бәрін өткізіп береміз. ең алғашқы тендердан ұтып алған суммамыз 317 млн болған, кейіннен ақша қосымша бөлініп, 535 млнға қазір жұмысын жасап жатырмыз.
Ал ауданның ауыл шаруашылығы саласында «Алтын дән-1» кооперативі ауқымды жұмыстар атқаруда. Қазіргі таңда кооператив «PepsiCo» ЖШС-мен келісімшарт негізінде Қараой жазығында 250 гектар алқапқа картоп егуде.
ДУЛАТ ҚАБЫЛЖАНҰЛЫ
«ALTYN DAN» ӨК ТӨРАҒАСЫ
Бүгінгі таңда, осы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылдық округіне қарасты Қараой жазығында 500 гектар бұрынғы багара болып келген алқапты суармалы жүйеге ауыстырдық. Бұл жұмыстардың аясында 2 скважна шығарылды, 220 метр тереңдіктен 30 мың метр куб су қоймасы салынды. Қазақстанның заводынан шыққан 10 жаңбырлатып суғару қондырғалы алып келіп орналастырылды. осы жұмыстардың аясында біз үлкен комания ПЕПСИко компаниясымен келісімшарт жасауға қол жеткіздік.
Сонымен қатар шаруашылықта бидай мен арпа да егіліп, заманауи жаңбырлатып суару жүйесі іске қосылған. Мамандар бұл технология өнім көлемін арттырып, суды үнемдеуге мүмкіндік беретінін айтады.