Балалар денсаулығына қамқорлық

Алматы облысында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ана мен бала денсаулығын нығайтуға бағытталған ауқымды шаралар ұйымдастырылуда.

Бүгінде өңірде 600 мыңнан астам бала тұрады. Облыста жүкті болуды жоспарлаған әйелдер арнайы медициналық тексеруден өтіп, қажетті сараптамаларды тапсыра алады. Сонымен қатар іштегі сәбидің дамуындағы ауытқуларын ерте анықтау мақсатында жүкті әйелдер бір күн ішінде қан талдауы мен ультрадыбыстық тексеруден өтуге мүмкіндігі бар. Бұл әсіресе шалғайдағы тұрғындар үшін өте қолайлы. Сондай-ақ өңірде 5 жасқа дейінгі балалардың денсаулығын бақылау және қауіптің алдын алу жүйесі енгізілген. Әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына ерекше көңіл бөлінуде. Бұдан бөлек, қыз балаларға жатыр мойны обырының алдын алуға арналған екпе егу жұмыстары жалғасуда. Биылдан бастап вакцина 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірім қыздарға да салынады. Ал жазғы демалыс кезінде облыста 445 мектеп жанындағы және 44 қала сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істейді.


ЛЕЙЛА СЕРІКБАЕВА
ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ25 мамыр мен 5 маусым аралығында Балаларды қорғау күніне орай облыста онкүндік акция өтеді. Осы уақыт ішінде барлық медициналық ұйымдарда «Ашық есік күндері» ұйымдастырылып, балалар тегін кеңес пен қажетті ем қабылдай алады. Сонымен қатар түрлі спорттық шаралар өткізіліп, 9-11 сынып оқушыларына алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша арнайы оқу-тренингтері ұйымдастырылады

Сондай-ақ оқыңыз: