Ел президенті Алматы облысына келді
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына арнайы іссапармен келді. Мемлекет басшысы әуелі ел үшін стратегиялық маңызы зор, жаңа құрылып жатқан Алатау қаласының даму жобасымен жан-жақты танысты. Жаңа шаһар 2050 жылға дейін 4 арнаулы аумаққа бөлініп, кезең-кезеңімен дамитын болады. Алатау қаласы бойынша - басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын конституциялық заң қабылданғаны белгілі. Оған президент өзі қол қойған еді.
Ал мемлекет басшысы жаңа қалаға байланысты тағы қандай ұсыныстар айтып, нақты қандай тапсырмалар жүктеді. Тақырыпты кеңірек тілші тарқатсын.
Қазіргі кезде қаланың жалпы ауданы 88 мың гектарды құрайды. Жаңа шаһардың негізгі даму аймақтары мен табыс көздері айқындалды. Әрі магистралды инфрақұрылымды ілгерілету бойынша жол картасы да жасалды. Жаңа қаланы басқарудың жаңа моделін қалыптастыратын Конституциялық заң қабылданды. Мұндағы мақсат – аталған ерекше құқықтық мәртебесіне сай инновациялар, инвестициялар және экономикалық өсім үшін тиімді орта құру. Барынша қолайлы жағдай жасау көзделген.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Алатау сити тұжырымдамасының мақсаты – бизнеске қолайлы жағдай жасау. Инвестициялық жобаларды іске қосу, жұртты жұмыспен қамту және замануи инфрақұрлым салу. Қала 4 ауданға бөлінеді. Бой көтеретін ғимараттардың барлығы халықаралық іскерлік және инновациялық орталықтарға қойылатын талаптарға сәйкес болу керек. Қаланы абаттандыруға және жайлы қоғамдық орындар салуға ерекше назар аудару қажет.
Президент орталыққа - театр, стадион, әкімшілік ғимараттары мен мектептер салу керек екенін айтты. Ал облыс әкімі, бұл өзекті мәселе бойынша ауқымды жобалар қолға алынып жатыр дейді.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Президент тапсырмасы аясында осы облыс құрылғанда Қонаев қаласының кешенді даму жоспарын өкімет бекіткен. Сол жоспар аясында құрылыстар басталды. Ең бірінші 6 әкімшілік нысанның құрылысы басталды. Кезең-кезеңімен ең бірінші 11 ай ішінде аяқталады.
Өткен жылы облыстың өңірлік жалпы өнім көлемі 6,7 триллион теңге болып, 5,4 пайыз өсім көрсетті. Қаңтар-сәуір айларындағы қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш бойынша аймақ елде 5 орында тұр. Инвестиция тарту жұмысы белсенді түрде жүргізілуде. Жыл басынан бері облыс экономикасына 266,2 миллиард теңге инвестиция салынды. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 900 миллиард теңгеге жетті. Осылай деген мемлекет басшысы Алматы облысының даму қарқынын жоғары бағалады. Тиісті жұмыстардың жасалып жатқанын тілге тиек етті.
МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Ең басты мақсатымыз ертең табыс әкелетін инвестициялар тарту. Осы 4 жылда 120 дан астам кәсіпорын ашылды. Осы 120 ең ірілері. 1 триллион 300 миллиард теңгеден астам инвестиция тарттық. Биыл тағы 100-ге жуық кәсіпорын қосуды жоспарлап отырмыз.
Алқалы жүздесуде мемлекет басшысы әр салада еңбек етіп елдің әлеуметтік экономикалық әлеуетінің артуына аянбай өз үлесін қосып жүрген үздіктерді марапаттады. «Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалын табыс етті. Олардың қатарында облыстық сушар мекемесінің маманы - Жеңісбек Бейсембаев, «Алтын таға» серіктестігінің лаборанты - Вера Бондарева, Сүйімбай сазы этнографиялық-фольклорлық оркестрінің әртісі - Арыстанбек Ердәулетов, дәрігер Гүлнар Болатқызы. Ал «Ерен еңбегі үшін» медалымен марапатталған қарапайым жұмыскер Сұлтанмұрат Алаев сынды үздіктер бар.
МЫРЗАБАЙ БАЙБЕКОВ ЖҰМЫСКЕР
Динара ранчо деген шаруашылықта жұмыс істеймін. 24 жыл болды. Үлкен мал шаруашылық біздікі. Марапаттап жатқанына өте қуаныштымын. Мұның бәрі коллективтің арқасы.
Ары қарай мемлекет басшысының сапары Талғар ауданында жалғасты.