Инклюзивті орта жақсарып келеді

Қонаевта ерекше балаларды қолдау мен оңалтудың өзекті мәселелеріне арналған облыстық семинар өтті. Басқосуда аутизм спектрінің бұзылыстары бар балаларды әлеуметтендірудің тиімді тетіктері мен заманауи әдістері талқыланды. Орталықтың үш жылдық қызметіне орай ұйымдастырылған шараға ғалымдар, дәрігерлер, әлеуметтік сала мамандары мен ата-аналар қатысты. Мамандардың пікірінше, бүгінде медицина мен әлеуметтік саланың бірлескен жұмысы ерекше қажеттілігі бар балалардың өмір сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Балалардың қоғамға бейімделуі, қоршаған ортамен еркін қарым-қатынас орнатуы және әлеуметтік өмірге белсенді араласуы үшін түрлі түзету-дамыту бағдарламалары жүзеге асырылуда.

РИММА КӨЛБАЕВА 
КҮНДІЗГІ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Біз бүгінгі күнде осы әлеуметтік қызметкерлерге өздерінің бүгінгі күндегі қандай заманауи қойылып жатқан талаптар бар, қандай жаңадан ашылып жатқан балаларға деген жаңа тәсілдер, сондай жаңашылдықтар бар болса, осы біздің әлеуметтік саланың қызметкерлеріне, әлеуметтік саланың жұмысшыларына соны түсіндіріп, айтып берсе екен деген үлкен тәжірибе алмасу әлеуметтік шара десем болады. 

Сондай-ақ оқыңыз: