Қонаевта табиғат жанашырларына құрмет көрсетілді

Қонаевта табиғат жанашырларына құрмет көрсетілді.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұйымдастырылған жиында аймақтың экологиялық ахуалын жақсартуға атсалысып жүрген бір топ азамат марапатталды.


Өлкенің табиғаты мен жан-жануарлар әлемін қорғау кезек күттірмейтін маңызды міндет. Бұл іске тек кәсіби мамандар ғана емес, қарапайым тұрғындар да жауапты болуы тиіс. Солардың бірі таулы аймақта қос құралайды ажалдан арашалап қалған Дастан Бурабаев. Салтанатты жиында облыс әкімдігінің арнайы алғысына ие болды.


ДАСТАН БУРАБАЕВ   РАЙЫМБЕК АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ 
Енесіз, енелерін таппай қалыпты. Содан кейін үйге алып келіп, бақтым. Тоғыз ай бағып, сүтпен бақтым, жем-шөппен бағып, күтімдеп, мемлекетке, зоопаркке өткізіп бердім. Қоршаған ортаны қорғау әр азаматтың міндеті деп ойлаймын. Жалғыз елік емес, жалпы табиғатқа деген жанашыр болу керек.


Өмірінің көп жылын қоршаған ортаны қорғауға арнаған ардагерлер мен аянбай тер төгіп жүрген мамандар да осындай құрметке бөленді. Сондай-ақ, аймақтағы химиялық, медициналық және өзге де қауіпті қалдықтарды залалсыздандырумен айналысатын ірі өндіріс орындары, Экология министрлігінің төсбелгілерімен марапатталды. Жауапты департамент өкілдерінің айтуынша салада заң талаптарын күшейту бағытындағы реформалар қарқынды жүріп жатыр.


БАҚЫТЖАН МОЛДАХМЕТОВ 
 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ 
50 миллион ағаш отырғызу мақсатымызда 29-шы жылға дейын. Сондықтан да осы әр өңірде сенбілік сайын ағаш отырғызылып, жердің бәрі тазаланып, ғарыш сапары деген мониторинг жүргізіледі. Сол мониторинг бойынша қатты тұрмыстық қалдықтардың заңсыз жатқан жерлерінің бәрі тексеріліп, сондай шараларда департаментпен атқарып жатырмыз


Қазіргі таңда Алматы облысы «Таза Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде құны 150 миллиард теңгені құрайтын 8 ірі инвестициялық жобаны қолға алып, жасыл технологиялар бойынша елімізде көш бастап тұр. Аймақта 350 мыңнан астам тұрғынның қатысуымен 700-ге жуық экологиялық акция өтіп, 59 мың түп көшет егілген. Ал осы ауқымды жұмыстардың артында осы күні құрметке бөленген шын жанашырлардың да қажырлы еңбегі тұр.

Сондай-ақ оқыңыз: