Таза табиғат – Таза сана!

Таза табиғат – Таза сана!

Осысндай тақырыппен Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік көлі жағалауында тазалық акциясы өтті. Жалпы саны 150 ден аса ерікті мен табиғат жанашырлары қатысқан игі шараға тілшіміз де барып қайтты. 


Игі шараға «Жасыл ел» ерікті жасақтары бастаған, бюжеттік мекеме қызметкерлері мен іле алатауы ұлттық паркі қызметкерлері қатысты. Олар әуелі экологиялық мәдениетті көтеру мақсатында кездесу ұйымдастырды. мұнда тек табиғат тазалығы ғана емес жан тазалығы туралы да тағлымды әңгімелер айтылды. Артынша Алатаудың айна көлі атанған Есік көлі жағалауын түрлі қалдықтардан тазартты. Қоршаған ортаны күтіп ұстау - табиғат ана алдындағы перзенттік парызымыз дейді акцияға қатысушылар!


НҰРБАНУ БӨРІБАЙ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҒЫ 
Біз жасыл ел жастарының атынан осы акцияға қатысып отырмыз. Мен осы акцияға қатысқаныма өте қуаныштымын. Былай айтқанда бүгінгі өз күнімді тиімді өткіздім деп есептеймін. Себебі тәрбие тал бесіктен демекші жақсы дүниені ең алдымен жасбуыннан бастау керек. Жасбуынға біз табиғатты аялауды қорғауды үйрететін болсақ біздің болашағымыз жарқын табиғатымыз таза болады.  


Ауқымды акция аясында көлге барар жол жағалаулары ақталып мен орындықтар сырланды. Әрі Алматы облыстық жастар саясаты басшысы және аудан әкімі бастаған белсенді топ тау баурайына шырша көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарына да атсалысты.


МӘДИ АХМЕТОВ  АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бүгінгі шараның мәні бөлек. Еңбекшіқазақ ауданының жастары да орта буын аға буын өкілдері де бір алаңда бас қосып, осы қоршаған ортаны қорғаймыз деген қағидамен осында келді. Есік өзені маңындағы нысандарды қалпына келтіріп, сонымен қатар Есік өзеніне кіреберісте үлкен Мұрал салынып жатыр.

ҚҰРМАНЖАН ҚАСЫМЖАНҰЛЫ  ТІЛШІ
Бүгінгі акция аясында Есік көлі жағалауындағы 2 шақырымнан аса аумақпен мына сол жағымдағы тау беткейі түрлі қалдықтардан тазартылды. Алда мұндай ашралар аудандағы өзгеде туристік аймақтарда жалғасады дейді ұйымдастырушылар.

Сондай-ақ оқыңыз: