Бүгін Қонаевта отандық бизнес өкілдеріне арналған ең танымал жоба өтті

Бүгін Қонаевта отандық бизнес өкілдеріне арналған ең танымал жоба - Президенттің «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» байқауы ережелерін түсіндіруге арналған алқалы басқосу өтті. 


Жиын барысында байқау жобасын халықаралық талаптарға сай әзірлеу керек екені айтылды. Әрі құжат қабылдау шарттары түсіндірілді. Биылғы доданың басты жаңалығы- Мемлекет басшысы жарлығымен «Үздік цифрлық даму жобасы» атты тың аталымның қосылуы болып отыр. Бұл бағытқа - өндіріске жасанды интеллект пен цифрлық жүйені кеңінен енгізген компаниялар қатыса алады. Ал жеңімпаздар желтоқсан айында Президенттің қатысуымен өтетін салтанатты жиында анықталмақ.  Мұнда 15 қатысушы лауреат атанып, оларға 450 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйлық табысталады. «Алтын сапамен» қатар «Қазақстанның үздік тауары», «Парыз» және «Ұлы дала елі» сияқты ірі республикалық конкурстарға өз жобасын ұсынып, бақ сынағысы келетін облыс кәсіпкерлері үшін өтінім беру мерзімі ағымдағы жылдың 1-ші шілдесіне дейін жалғасады.

МЕРЕЙ ИСАЕВА
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОР
Әр өңірде кәсіпкерлермен оқыту семинар өткіземіз. Жалпы, «Алтын сапа» байқауына қатысу ережесі бойынша  есебін қалай әзірлеу керек. Осы есептің өзі маңыздылыңы FQ критерийі бойынша бағаланады. Сондықтан, осы есепті қалай толық жазу керек, әр субкритерийді қалай ашып жазу керек сол бойынша біз әр кәсіпкермен осындай кездесу өткізіп, оқыту семинар өткізіп және сүйемелдеу жұмыстарын жүргіземіз.

СЫДЫҚ ДӘУЛЕТОВ
«ДӘУЛЕТ БЕКЕТ» ТҮЙЕ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Бүгін мен үшін қуанышты сәт, мына Қонаев қаласына келіп, «Алтын сапа» конкурсына қатысып отырмын. Біздің шаруашылық 25 жыл болды әлемдегі түйе саны бойынша екінші орында тұрған шаруашылық.  Соңғы 5-6 жылда біз өз өнімдерімізді шетелге экспорттап отырмыз. Соның ішінде ҚХР, өз өнімдеріміз Алматы терминалдарында, Дубай терминалдарында  тұр. Сондықтан елім-жұртым үшін аянбай еңбек етем, бағымыз жанып жатса, қазақтың шұбаты, бренді «Алтын сапаға» ие болады деген сенімдемін.

Сондай-ақ оқыңыз: