Райымбек ауданында «Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының өзегі» атты ауқымды форум өтті
Отанға деген шексіз сүйіспеншілік – әрбір сарбазда боуға тиіс басты қасиет.
Алматыда жастарды отан алдындағы борышын өз мерзімінде өтеуге үндейтін республикалық форум өтті.
Іс-шараға қорғаныс және төтенше жағдайлар министрлігі, ұлттық ұлан, Шекара қызметі сынды күштік құрлым өкілдері қатысты. Форумның көздегені – әскери қызметкерлердің патриоттық сезімдерін бекемдеу. Офицерлер мен командирлердің жас сарбаз алдындағы жауапкершілігін арттыру. Сөйтіп әскери тәртіпті нығайтып, сарбаздар қатарын толықтыру болды. Ал ата-аналар алаңдайтын әскердегі әлімжеттілікті болдырмау және өз-өзіне қол жұмсау қаупін азайту бойынша кешенді шаралар қабылданған.
ДАРХАН АХМЕТОВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Әскерге шақырылып жатқан арбаздардың мәселелерін шешу, оңтайлы жол қарастыру. Біз қорғаныс минстрлігі, ұллтық ұлан, шекара қызметі бар бәріміз ортаға отырып осындай сұрақтарды қарастырдық. Мысалы ата аналар қойған сұрақтарға жауап беруге дайынбыз. Әрбір азаматтың борышы бар. Шекараны күзету, отанын қорғау деген.