Ақ халаттылар мейрамы
Елімізде маусым айының үшінші жексенбісі-медицина қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Айтулы мейрам қарсаңында Ақордадаға медицина қызметкерлері шақырылып, салтанатты іс-шара өтті.
Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік наградалармен марапаттады. Сонымен қатар президент соңғы үш жылда сала мамандарына көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың 7 есе ұлғайғанын айтты. Биыл бұл мақсатқа қазынадан тағы 33 миллиард теңге бөлінгенін жеткізді. Одан бөлек жаңа Ата заңда да денсаулық сақтау мәселесіне айрықша мән берілгенін еске салды. Мұнда ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аударылған.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Халқымыз сіздерді ең қадірлі мамандық иесі ретінде сыйлайды және құрметтейді. Түптеп келгенде, медицина мамандары еліміздің басты байлығы – азаматтарымыздың денсаулығын нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Мен Мемлекет басшысы ретінде осы салада табанды еңбек етіп жүрген барша қызметкерге шынайы ризашылығымды білдіремін»