АСҚАҚТАЙ БЕР АЛАТАУ!

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрылғанына 30 жыл. Осыған орай «Oi-Qaragai» демалыс орнында «Еуразиядағы тау экожүйелерінің сақталуы мен тұрақты дамуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында ұлттық парктің табиғатты қорғаудағы рөлі талқыланды. Толығырақ әріптесім Ақжан Анапия баяндайды. 

Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағы 200 мың гектардан асады. Соңғы отыз жылда мұнда 5 миллион түптен астам көшет жерсінді. Нәтижесінде тау бөктерлері қайта түлеп, орман алқаптарының тынысы кеңейді. Мәселен, қар барысының ізі жиі байқалып, қоңыр аю, тас сусары сондай ақ тау бүркіті секілді сирек кездесетін жануардың саны артқан. Сондай-ақ 47 туристік соқпақ салынып, 94 инвестициялық жоба жүзеге асты.


НҰРКЕН ШӘРБИЕВ 
ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ 
«Былтыр Іле-Алатау ұлттық паркіне 950 мыңға жуық адам келсе, Бурабай ұлттық паркіне 1,25 миллион турист барған. Ал әлемдегі бірқатар ұлттық парктер жыл сайын 4 миллионнан 15 миллионға дейін келуші қабылдайды. Осыған байланысты парк аумағында арнайы реттелетін экологиялық соқпақтарды дамыту жоспарланып отыр.»


Ғылми басқосуда Орта Азия мен Ресей, сондай ақ Түркиядан келген ғалымдар өз тәжірибесімен бөлісіп, қазақстанның туристік әуелетін зерделеді.


ЕРКАН ОКТАН  
ҒАЛЫМ (ТҮРКИЯ) 
«Қазақстан табиғи экожүйелер тұрғысынан аса маңызды елдің бірі. Оның табиғаты мен биоалуантүрлілігі көптеген мемлекеттен ерекшеленеді. Әсіресе тау экожүйесінің өзіндік орны бар. Яғни, тек өсімдіктер дүниесі емес, сирек кездесетін жануарлар әлемінің болуы.  Сондықтан,  мұндағы экожүйелерді сақтау мен дамытуға ерекше көзқарас қажет.»


ЕЛНҰР АХМЕТОВ 
ІЛЕ-АЛАТАУ МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ БАСШЫСЫ 
«Тәжікстан, Қытай мемлекеттеріне де ауатын жануарларымыз бар. Әрине жануарларда мемлекеттік шекара жоқ. Соны барша ел болып, халық болып қалай құтқарамыз, қалай сақтаймыз, болашақ ұрпаққа қалай жеткіземіз деген көптеген мәселелер бар.» 


Игі шарада «Болашақ ұрпаққа мұра» капсула салу рәсімі де өтті. Ішінде маңызды үндеулері бар капсула уақыт қойнауында жиырма жыл бойы сақталады. 

Сондай-ақ оқыңыз: