Жастар еңбегі
Алматы облысында жастарды жазғы кезеңде уақытша жұмыспен қамту бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты –жасөспірімдер мен студенттерге қауіпсіз жағдайда алғашқы еңбек тәжірибесін алуға мүмкіндік беру. Үшінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан игі бағдарламаға, қатысушылар саны да жыл сайын артып келеді.
Қазір бағдарлама аясында 318 - оқушы мен студент жұмысқа орналасып үлгерді. Ал жаз соңына дейін 400 - ге жуық жасты қамту жоспарланған. Жастар өңірдегі өнеркәсіп орындарындағы қауіпсіз жұмыстарға да тартылып, өндіріс тынысымен танысуда.Жас жұмысшылардың еңбек жағдайлары заңнамамен бектіліген нормаларға сай бақыланады.
АБЫЛАЙ ЗУАЙДА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК МОБИЛЬДІГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
« Енді жастардың таңдауына байланысты, өздерінің профильдеріне байланысты біз жұмыстарға жібереміз. әр баланың өзінің құқы бар болғаннан кейін, бұл жұмыстар жеңіл болып табылады. Аптасына 24 сағат қана жұмыс жасалды»
Осындай жеңіл әрі қауіпсіз жұмыстардың бірі – мекемелердегі іс-қағаздарын жүргізу және цифрлық құжаттармен жұмыс істеу. Мәселен, бағдарлама арқылы кадр бөліміне орналасқан жастар бүгінде негізгі қызметкерлердің сенімді көмекшісіне айналып, алғашқы кәсіби дағдыларын шыңдауда.
ЕРКЕЖАН БЕКБОСЫН
ОҚУШЫ
« Осы жерде жұмыс істейтін отдел кадров жұмысшыларына көмектесемін, документтермен, кейде компьютермен кейбір заттарды жазып көмектесемін. Маған тапсырма береді, соларды орындаймын. Осы жер маған ұнайды,жұмысым күнделікті, жақсы,өзінің уақытымен»
Жастарға алғашқы еңбек тәжірибесін қауіпсіз жағдайда алуға мүмкіндік беріп, әлеуетін арттырып, оларды еңбекке баулитын бұл жоба алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. Ең бастысы,жазғы жұмыспен қамту кезеңінде жастар орта есеппен айына 118 мың теңге көлемінде жалақы алып, жаз бойы 350 мың теңгеге дейін табыс таба алады. Осылайша, аймақтағы жас буын жазғы демалысын тиімді өткізуге мүмкіндік зор.