Мал ұрлығы көбейді
Жыл басынан бері Алматы облысында мал ұрлаудың 70-тен астам дерегі тіркелді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.Қаскөйлер қолды еткен 414 бас малдың 332-сі іздестіріліп, заңды иелеріне аман-есен қайтарылған. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері ауылдық елді мекендерде рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр. Сонымен қатар мал мен ет өнімдері сатылатын базарлар және басқа да сауда орындары күшейтілген бақылауға алынған.Тәртіп сақшылары тұрғындарды төрт түлікті қараусыз жаймауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Өйткені қараусыз жүрген мал ,ұрылардың оңай олжасына айналып, мұндай қылмыстардың жасалуына негізгі себептердің бірі болып отыр.
ЕРНАР САЙДІЛДИН
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Мал иелері көбіне жоғалған төрт түлікті әуелі өздері іздеп, полицияға кеш жүгінеді. Соның салдарынан қылмысты ізін суытпай ашу қиындайды. Сондықтан тәртіп сақшылары малды қараусыз жаймауға және жоғалған жағдайда уақыт оздырмай полицияға хабарласуға шақырады. Өйткені дер кезінде берілген ақпарат ұрыларды жедел ұстауға әрі ұрланған малды иесіне қайтаруға мүмкіндік береді»