Өзендер тасыды

Таулы аймақта өзендер тасыды. Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарына сел мен су тасқыны қаупі туралы шұғыл хабарлама жолданды. Таудағы қар  мен мұздақтардың еріп,  толасыз нөсерге байланысты, өзендердегі су деңгейіт көтерілді. Мәселен, Түрген шатқалында «Түрген – Асы» автожолының бір бөлігін, өзен бойындағы киіз үйлер мен демалыс аймағын су басып жол қозғалыс уақытша жабылды. Сондай-ақ Ақсай және Қаскелең өзендері тасып, Әйтей ауылы маңындағы кәсіпорын аумағын су басып, көпірлерді шайды.  Қазір оқиға орындарында құтқарушылар, әкімдік қызметкерлері мен еріктілер жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындардың өміріне төніп тұрған тікелей қауіп жоқ екенін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз: