Білім мен заң

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжат. Осыған орай Іле ауданында қоғам белсенділері, кәсіпкерлер мен жастар бас қосып, өңірдегі қоғамдық бастамаларды дамыту жолдарын талқылады. Жиында жастардың қоғамдағы рөлі мен азаматтық белсенділігін арттыру мәселесі де айтылды. 


Кездесуде  Конституциялық өзгерістердің халықтың күнделікті өміріне ықпалы сөз болды. Ата-заң  мемлекеттік басқаруды жетілдіріп, заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың ел өміріне белсенді араласуына  мүмкіндік береді дейді зиялы қауым.


ӘМЗЕ  ИСАЕВ
ІЛЕ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ 
“Заңда жазылған бірінші адам құқы ғой. Сол адам құқық қорғаса, халыққа жақын болса,заң дұрыс бола деп ойлаймын. Сол шыққан заңды орындау керекпіз өзіміз” 

Мемлекет жастарға зор үміт артады. Сондықтан олар өз құқықтары мен  жауапкершілігін терең түсінуі тиіс. Бүгінде олар қоғамдық жобаларға белсенді қатысып, жаңа бастамалар ұсынуда. 

ДИАНА ҚАНАТОВА 
ІЛЕ АУДАНДЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ 
“Жалпы әр адам өзінің құқын білу керек. Ол мемлекетте тұрып жатқандықтан құқықты білу адамның өзін ғана қорғап қалмайды. Елдің, мемлееттің дамуына да, оның алға қарай жылжуына да өзіндік бір үлесін қосады”  

Ауданда қоғамдық бастамаларды талқылап, жүзеге асыруға бағытталған бағдарлама әзірленеді. Негізгі мақсат – заңға құрмет пен белсенді азаматтық ұстанымды қоғамның қалыпты құндылығына айналдыру.

Сондай-ақ оқыңыз: