Ақтеректе амбулатория ашылды

Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылында жаңа амбулатория ел игілігіне берілді. Заманауи медициналық нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ашылды. Енді тұрғындар қызметті алыстан іздемей, өз ауылында ала алады. Ауыл халқы көптен күткен амбулаторияның ашылуына әріптесім Ақжан Анапия да қатысты. 
  

Ақтеректе төрт мыңнан аса тұрғын бар. Бұған дейін халыққа қызмет көрсеткен ескі емхана ғимараты талапқа сай болмаған: кеңсе қыста суық, жазда іші қапырық болып,  емделушілерге де, медицина қызметкерлеріне де қолайсыздық туғызған.

ТЕМІРЛАН ШАЙНҮСІПОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ 
«Жалпы ауылда үлкен бір жаңалық болды. Өзі тура ауылдың ортасында. Емделуші келгенде де ыңғайды. Орталықта тұр. Бұрын ауылдың шетінде болатын. Ол да қиындық туғызатын үлкен кісілерге. Сондықтан халық қуанып ашылуын асыға күтіп отыр.» 


Амбулаторияда дәрігер, екі фельдшер және бес мейірбике халыққа қызметте. Ал диспансерлік есепке 400 адам алынған. Мұнда ерекше балаларға арналған емдік дене шынықтыру кабинеті де бар. Қазір ауылда 5 ерекше бала осында ем алып жүр. 


РИМА СӘДУАҚАСОВА 
АМБУЛАТОРИЯ МЕҢГЕРУШІСІ 
«Ақтерек дәрігерлік амбулаториясы алғашқы медициналық ұйым болып табылады. Ол осы Ақтерек ауылына және Ақтеректің жанында 12 км жерде орналасқан Арқарлы деген медпункт қарайды. Бұл жаңа амбулаторияд бізде дәрігерге дейінгі қабылдау, дәрігер бөлмесі, және лфк кабинеті, физиолечение кабинеті, күндізгі ем қабылдау кабинеттері орналасқан. Сонымен қатар емшара кабинеті, екпе егу және акушер гинекеолог кабинеттері орналасқан. Сонымен қатар бізде зертханалық, өзіміз жүргізбесек те амбулаториядан алу мүмкіндігі бар.» 


Биыл Жамбыл аудандағы денсаулық сақтау саласында жұмыс қарқыны жоғары. Облыс бойынша қысқа уақыт ішінде 16 медициналық нысанның құрылысы аяқталды. Әрі ескі ғимараттарға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, жалпы саны 62 емдеу мекемесінің материалдық-техникалық жағдайы жақсарды. 


ГҮЛНӘР ЖҮНІСОВА 
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Облыста жалпы биыл 38 нысан салынды. Оның ішінде 15 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт және 11 медициналық пункт бар. Ең көп нысан Жамбыл ауданында бой көтерді. 38 нысанның 16-сы осы Жамбыл ауданында орналасқан. Барлық нысан пайдалануға беріліп, қазір халыққа қызмет көрсетіп жатыр. Олардың барлығы бірдей үлгіде, жоба бойынша салынған.»


Шалғай жатқан елдімекендерге медицинаның қолжетімді болуы  - халықтың әл-ауқатын арттырып, ауылдың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына сеп. 

Сондай-ақ оқыңыз: