Әлеуметтік нысандар салынады
Қонаев қаласында тұрғын үй құрылысы мен әлеуметтік инфрақұрылымды қатар дамытатын ауқымды жоба басталды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, болашақ тұрғын үй кешенінің іргетасына уақыт капсуласын салды. Жоба жеке инвестордың қаржысы есебінен «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп жүзеге асырылады. 30 гектар аумақта тұрғын үйлер, балабақша, жерасты автотұрағы, коммерциялық нысандар мен инженерлік желілер салынады. Жоба аясында сал ауруына шалдыққан балаларға арналған заманауи оңалту орталығы бой көтереді. Мұнда балалар кешенді оңалтудан өтіп, медициналық және психологиялық көмек алады.
ЖЯНГ ШАОЮН
ИНВЕСТОР
"Инвестор ретінде біз өзара тиімді әріптестік қағидатын ұстанып, «Бір белдеу – бір жол» бастамасын қолдаймыз. Қазақстанның әлеуметтік саласын дамытуға өз тәжірибеміз бен заманауи технологияларымызды енгізуге дайынбыз."