Рекордтық көлемдегі жол жөндеу
Республикалық маңызы бар «Алматы – Астана» автомобиль жолында күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жолдың 60 шақырымына жаңа асфальт жамылғысы төселді. Жөндеу жұмыстары жолдың сапасы мен қауіпсіздігін арттырып, көлік қозғалысының қолайлылығын қамтамасыз етеді.
«Алматы-Астана» жолы транзиттік дәліз.Соңғы рет жолды күрделі жөндеу жұмысы 25 жыл бұрын жасалған еді. Биыл 80 шақырымдық жолды жөндеуге 6 миллиард тенге қаржы бөлінді.
ЖАНАТ ӨТЕПБЕРГЕНОВ «КАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ АҚ БАСШЫСЫ
«Енді бұл жерде жолдың маңыздылығына байланысты біз енді жұмыстарды дереу бастап кеттік. Күніне қазіргі таңда күніне 1,5-2 км асфальт салып отырмыз осы жол бөлігінде. Енді бұл жерде құрылыстың қарқындылығына біріншіден осы Алматының төңірегінде орналасқаннан кейін асфальтобетон зауыттары жақын орналасқаннан кейін сол себептен бізде жұмыстар жақсы темппен жүріп жатыр. Ертерек бітіру мақсатында халықтың игілігіне ертерек тапсыру үшін жұмыстарды ертерек бастап ертерек бітірсек пе деген жоспарымыз бар»
Жолдың тегістігі автоматты жүйемен өлшенеді. Мердігерлер ұйым смарт басқару жүйесін іске қосқан. Ультрадыбыстық құрылғы асфальт қалыңдығын миллиметріне дейін қадағалап отырады. Ал жолға қажетті материал Алматы облысындағы асфальт шығаратын зауттырадан жеткізіледі.
ДӘУРЕН ТАНТАҚОВ
«ЖОЛ» ЖШС ЗЕРТХАНА БАСШЫСЫ
«Жаңа асфальт төсегішіне GPS жүйесі орнатылған. Олар барлық көрсеткіштерді автоматты түрде тіркейді. Соның арқасында адами фактордың әсері азаяды. Жолдың тегістігі дәл бақыланады. Олар төсегіштің барлық параметрлерін, соның ішінде оның салмағының талаптарға сәйкестігін де бақылайды»
Көлік легі үзілмейтін бұл жол учаскесінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет. Тәулік бойы жеңіл және жүк көліктері қатынайтындықтан, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін арттыру шараларының маңызы зор. Нәтижесінде халықаралық және өңіраралық көлік дәліздерінің тиімділігі артып, тасымал сапасы жақсара түседі.