Медицинаны дамыту
Талғар ауданында облыстық денсаулық сақтау басқармасының көшпелі алқа отырысы өтті. Жиында саланың жартыжылдық жұмыс нәтижесі айтылды. Биыл бірнеше ауданда жаңа медициналық мекеме салынады. Жұмыс қалай атқарылмақ. Тілшіміз тарқатып айтсын.
Алматы облысының денсаулық сақтау жүйесінде оң нәтижелер бар. Өңірде тұрғындарға 24 мемлекеттік және 76 жекеменшік медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Жалпы 363 медициналық нысан халыққа медициналық көмек көрсетуде. Нәресте өлімі екі есеге азайып, жүрек-қан тамырлары аурулары азайған.
ЕРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында облыста 38 медициналық нысанның құрылысы аяқталды. Басқарма басшысы тұрғындарды скринингтік тексерулерден уақытылы өтуге, ал ата-аналарды балаларын жоспарлы екпемен қамтуға шақырды.
ЕРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Алқа отырысында онкологиялық көмекті дамыту мәселесі де қаралды. Облыста 250 орындық жаңа орталық салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар жастар еңбегіне мән беріледі.
ИГОРЬ НОВИКОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Қазір көптеген жас маман резидентурада білім алып жатыр. Оқуын аяқтағаннан кейін олар жұмысқа орналасып, кадр тапшылығын азайтуға үлес қосады»
Халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту - басты міндет. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі атқарылуы керек” деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы