Жол құрылысы басталды

Қайыңды көліне апаратын аудандық маңызы бар автомобиль жолы тамыз айында ел игілігіне беріледі. Қазіргі таңда ойлы-қырлы жол тегістеліп, негізгі жұмыстар тәмамдалды. Енді асфальт төселінеді. Бүгінге дейін жол бойындағы 42  су өткізгіш құбыр толық орнатылып, 2,5 шақырым жол асфальтталды. Жолдың жалпы ұзындығы – 10 шақырым. Жоба өңірдегі көлік инфрақұрылымының талапқа сай болуына, жол сапасының жақсаруына септігін тигізеді. Жаңа жол пайдалануға берілгеннен кейін Қайыңды көліне қатынау едәуір жеңілдейді. 

Сондай-ақ оқыңыз: