ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 23 СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН

Қонаев қаласында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы дәстүрлі түрде жалғасып келеді.

Әр аптаның бейсенбісінде мемлекеттік мекеме қызметкерлері, коммуналдық қызмет өкілдері және қала тұрғындары бірлесіп, көшелерді, аулаларды, саябақтар мен қоғамдық орындарды тазалауға шығады.
Жыл басынан бері облыс орталығында 23 сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық шараларға 9 мың 500-ден астам адам қатысып, тазалық жұмыстарына апта сайын 15-тен астам арнайы техника жұмылдырылды. Осы уақыт аралығында көшелерден, саябақтардан және жағалау аумақтарынан 84 тонна қоқыс шығарылды.


МҰРАТ СЫДЫҚОВ 
ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ
Тазалық акциясына мемлекеттік қызметкерлермен қатар Қонаев қаласының тұрғындары да белсенді қатысып келеді. Бүгінге дейін сенбіліктерге шамамен 10 мың адам атсалысты. Жиналған тұрмыстық қалдықтарды арнайы полигонға шығару үшін тұрақты түрде 15 арнайы техника жұмыс істейді. 

Сондай-ақ оқыңыз: