Жамбыл ауданында да дауыс беру үрдісі қалыпты өтіп жатыр
Жамбыл ауданында да дауыс беру үрдісі қалыпты өтіп жатыр. Жамбыл ауылдық округінде Жамбыл Жабаевтың 30 ұрпағы бас қосып, ел болашағын айқындайтын дауыс беру науқанына үлкен даярлықпен келді. Ал тұрғындар , азаматтық белсенділігін танытып жатыр.
Жалпы, Жамбыл ауылында 170 мыңнан аса халық бар. Ал сайлаушылар саны - 108671. Жамбыл ауылдық округінің өзінде 5894 адам тіркеуде тұр. Нөмірі 296 сайлау учаскесінде де қазір жауапты кезең. Жамбыл ұрпақтарына қарасаң көз тояды. Отыз бірдей Ауызбірліктеріңіз керемет екен. Менің жанымда тұрған Жамбыл Жабаевтың тікелей немересі Жамбыл Мұратхан Әлімқұлұлы.
МҰРАТХАН ЖАМБЫЛ
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВТЫҢ НЕМЕРЕСІ
“Жамбыл ауданында 80 сайлау комиссиясы құрылған. Бұл ретте олардың жұмысымен қатар әр адамның азаматтық жауапкершілігі маңызды. Десе де, сайлауға ауыл тұрғындары да белсене қатысып, өз таңдауын жасап жатыр. Ақсақалдар мен әжелер, жастар мен кейінгі буын өкілдері ел болашағына қатысты таңдауын білдіру үшін дауыс беруге барынша атсалысуда. Таңнан бері неше сайлаушы дауыс берді. Толығырақ сайлау учаскесінің төрағасынан сұрап білейік”
Таңдау жасауға мүгедектігі бар азаматтар да қатысады. Олар үйден немесе келіп те дауыс беруге құқылы. Арнайы тактильлі тақталар да әзір тұр. Учаскелерде азаматтардың өз таңдауынеркін жасауына қажетті жағдай толық қамтылған. Дауыс беру кешкі сағат 20.00 ге дейін жалғасады.