Іле ауданында сайлаушылар өз таңдауын еркін білдіріп жатыр

Ал өңірде халық ең тығыз орналасқан Іле ауданында сайлаушылар  өз таңдауын еркін білдіріп жатыр. Жалпы дауыс берушілер саны – 157 мыңнан асады. Сайлау процесінің қолжетімділігіне де ерекше мән берілген.

Біз қазір Іле ауданы Өтеген батыр ауылында орналасқан № 350 сайлау учаскесінде тұрамыз. Таңғы 7:00 де дауыс беру науқаны басталғалы өз таңдауын жасап жатқан кісі қарасы қалың. Осыдан ақ Ілелік азаматтардың саяси белсенділігі арта түскені анық байқалып тұр. 

Сайлау учаскесіне жақын жердегілер жаяу келсе, кейбірі велосипедпен енді бірі көлікпен келіп жатыр. Тіпті ауылды жерде атпен келіп жатқандар да аз емес. Ал Іле ауданында ұшақпен келіп, парашютпен қалықтап түсіп өз таңдауын жасаған ерекше сайлаушы болды. Ол парашютпен секіруде әлемдік деңгейдегі кәсіби спортшы, запастағы офицер Тимофей Меркулов. Спортшы бұл әрекеті арқылы - ел ертеңі бекемделетін айтулы саяси науқанға жұрт назарын аударып, қоғамда азаматтық белсенділікті арттыра түсуге ниеттенгенін айтады. 


ТИМОФЕЙ МЕРКУЛОВ 
КӘСІБИ СПОРТШЫ 
 «Бүгін көңілім еркеше.  Дауыс берген  соң ұшу жаттығуларым бар. Саяси науқанға ел азаматы ретінде бейжай қарауға болмайды. Біз бәріміз бірге жарқын болашақ құруымыз керек» 

Құрылтай сайлауының еліміздегі дауыс беру құқы бар әрбір азаматы үшін жөні бөлек. Орны ерек. Мұнда жаңа дәуірге қадам басқан жаңа қазақстанның жарқын келешегі үшін ешкім үнсіз қалмауы, әркім өз таңдауын жасауы тиіс деген жергілікті азаматтар да аз емес.


Қазір сайлаушылар үзіліссіз келіп өз таңдауын жасауда. Ал қазір учаскеде 5  байқаушы бақылап, 9 комисия мүшесі жұмыс істеп тұр. Айта кетсек жалпы Іле ауданы бойынша таңдау жасау құқы бар азаматтардың саны 157 мың 51 адам. Оларға аудан аумағында 92 сайлау учаскесі қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз: