Алатау қаласында дауыс беру күні мәдени іс-шаралар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылды
Алатау қаласында дауыс беру күні мәдени іс-шаралар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Ерекше қажеттілігі бар жандарға сайлауға кедергісіз қатысуы үшін волонтерлер көмектеседі. №380 сайлау учаскесінде бұл күн отбасылық қуанышпен де есте қалды. Қала тұрғыны Айшагүл Жаңанұр сайлауға қатысып, болашақ сәбиінің жынысын жариялау үшін жақындарын жинады. Осылайша, 23 тамыз бұл отбасының қос қуанышқа толы, ұмытылмас күніне айналды. Алатау қаласының тұрғындары ерекше мәртебеге ие шаһардың болашағынан зор үміт күтеді.
РОЗА ӘБІЛОВА
АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
«15 наурыздан кейін ата-заңымыз қабылданды, содан кейін біздің Алатау қаламызға ерекше конституциялық заң қабылданды. Мен өз басым мен сенемін, қазір бүкіл адамдар Бурж Халифаны көру үшін Дубайға барады, 10 жылдан кейін бүкіл әлемнің халқы біздің Алатауға келеді».