Жаңа оқу жылы қарсаңында Қарасай ауданында 113 балаға әлеуметтік көмек көрсетілді
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қарасай ауданында 113 балаға әлеуметтік көмек көрсетілді. «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында оқушыларға қажеті құрал-жабдықтар мен бағалы сыйлықтар берілді.
Балнұр Толқынқызы – төрт баланың анасы. Үлкен ұлы Айсұлтан бірінші сыныпқа барады. «Мектепке жол» игі бастамасының тізіміне енгенімізді естігенде, қуанышымызда шек болмады», – дейді көпбалалы ана.
БАЛНҰР МҰСАЕВА
АУДАН ТҰРҒЫНЫ
«... осы бірінші мектепке қалай киіндіремін деп отырғанда, маған осындай акция болып жатыр . келе ғой осында деп сөйтіп шақырып алды. Келдім. Осындай ұжымға рахмет сіздерге. Өзім басымнан мүлдем кешпегенмін мүлдем. Соны көріп, таңқалып келе жатырмын осы жерге. Қазір үлкен ұлымның туған күні еще. Соған подаркілерін бергенде мүлдем қуанып бәріміз.»
Әр балаға мектепке қажетті оқу құралдары мен түрлі сыйлықтар табысталды. Жалпы, Алматы облысында алимент ала алмай жүрген 20 мыңнан астам отбасы бар. Облыстық жеке сот орындаушылары соңғы жарты жылда 28 миллионға жуық алимент өндіріп, жанұяларға қолдау көрсетіп келеді.
ЖАҚСЫЛЫҚ БЕДЕЛБЕК
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫ ӨҢІРЛІК ПАЛАТАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Алимент алып отырған екі мыңнан астам балалар бар. Оның ішінде жағдайы төмен отбасылар бар. Және де көпбалалы отбасылар бар иә. Оның бәріне өз тарапымыздан Алматы облысы жеке сот орындаушылары өңірлік палатасы, Алматы облысы жек сот орындаушыларынан, және облыс прокуратурасы, және әділет депратаментінің тарапынан, өз көмегімізді білдіріп, атсалыссақ деген үмітті ұйымдастырып отырмыз.»
Қарасай ауданында «Мектепке жол» акциясы биыл белсенді өтіп жатыр. Әлеуметтік көмекпен 17 мыңнана астам оқушы қамтылды.