Қонаев қаласында облыстың белсенді жастары бас қосқан тәжірибе алмасу семинары өтті
Қонаев қаласында облыстың белсенді жастары бас қосқан тәжірибе алмасу семинары өтті. Мақсат – мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, жастармен жұмыста заманауи әдістерді меңгерту. Семинарда цифрлық сауаттылық, контент жасау, киберқауіпсіздік, кәсіпкерлік және «Заң мен тәртіп» қағидаты талқыланды. Сонымен қатар радикалды діни ағымдардан сақтану, есірткінің алдын алу мәселелері де қозғалды. Жастар командалық тапсырмаларды орындап, зияткерлік сайыстарға қатысты.
МӘДИ АХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Енді жылына бір рет сол азаматтардың бәрін облыс орталығында бас қостырып, арнайы бағдарлама даярлап, оларға тренингтерді өткізіп, арнайы экскурсия бағдарламасында ұйымдастырып, әрбір ауылда өтіп жатқан негізгі шараларды, жаңағы бір-бірімен ой алмасу, пікір алмасу. Жаңағы Райымбек ауданының бір округінде болып жатқан жобаны Талғармен ұштастыру деген іспетті».