Көлсай көліне жыл басынан бері 330 мың турист саяхаттап келді
Көлсай көліне жыл басынан бері 330 мың турист саяхаттап келді. Мамандар жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 600 мыңға жетеді деп болжап отыр. Биылғы маусымда ұлттық паркте демалушылардың арасында шетелдіктер басым. Әсіресе Үндістан, Парсы шығанағы мен Еуропа елдерінен келушілер көп.
«Көлсай көлдері» ұлттық паркі жұмыс күндері шамамен 2 мың турист қабылдаса, демалыста бұл көрсеткіш 6 мыңға дейін өседі. Мұндағы әрбір үшінші мейман -шетелдік саяхатшы. Ұлыбританиядан келген қонақтар көркем табиғаты аясындағы қызмет көрсету сапасын жоғары бағалады.
ЭЛЕАНОРА БРОМЛИ
ТУРИСТ (ҰЛЫБРИТАНИЯ)
«Англиямен салыстыруға әсте келмейді. Бізде бәрі тығыз орналасқан. Ал мұнда кең-байтақ жер, киіз үйлер мен керемет табиғат. Әрине, бізде де әсем жерлер бар, әйтсе де дәл мұндай емес. Өте тамаша әсер алдым, маған Қазақстан қатты ұнайды»
МЭТЬЮ МАКДОНАЛЬД
ТУРИСТ (ҰЛЫБРИТАНИЯ)
«Қазақстанға екінші рет келдім. Бірақ бұл өңірде болмаған едім. Көлсай маған өте ұнады. Ғажап сұлу табиғат аясында рахаттанып демаласың. Адамдары ашық, жылы шырайлы екен. Инфрақұрылымы да жақсы. Автобуспен оңай жеттік, аяқжолдары ыңғайлы. Катамаранмен серуендеу мен үшін тосын сый болды»
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік биосфералық резерваттар желісіне енгізілген бұл паркте 9 туристік соқпақ бар. Саяхатшылар Төменгі Көлсай, Қайыңды көлі және Саты ауылына жиі келеді. Былтыр Кайыңдыны көргісі келген 200 мыңнан астам адам көлге тек жол талғамайтын көлікпен жетті. Биыл барыс-келіс мәселесі мәселе толық шешімін таппақ.
БАҚЫТ ЖҮНІСОВ
«КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Былтырғы жылы 2025-те Қайыңдының жолы басталған болатын. Оған бюджеттен 2 млрд 400 млн теңге ақша бөлінген болатын. Биылғы 2026 жылға өтті. Қазіргі уақытта жол 99 пайызға бітіп тұр. Алдағы уақытта салтанатты ашылуы болады.СКЛ Абаттандыру жұмыстары бойынша Көлсай көлінде біз биылғы жылы ескі соқпақтарды ауыстырамыз, 350 метр ескі соқпақ»
Мамандар жыл соңына дейін Көлсайға кем дегенде жарты миллионнан астам турист келеді деген үмітте. Сондықтан ұлттық паркте орман қорын молайту жұмысы да қатар жүргізіліп жатыр. Мұнда жыл сайын 95 мыңнан астам Шренка шыршасының көшеті отырғызылады.