«Мектепке жол»: Райымбек ауданында 580 оқушыға әлеуметтік көмек көрсетіледі

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында Райымбек ауданында 580 оқушыға әлеуметтік көмек көрсетіледі. Нарынқолда өткен іс-шарада  мемлекеттік мекемелер мен демеушілер 120 оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдарын табыстады.  Аудан басшылары оқушыларды құттықтап, оларға сый-сияпат жасады. Биыл аудан бойынша  жалпыға міндетті білім беру қорынан 31 млн 223 мың теңге бөлінді. Мұқтаж отбасыларға  50 851 теңгеден бір реттік материалдық көмек берілді.

ДИДАР НҰРБОЛҰЛЫ
РАЙЫМБЕК АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
"....акцияға ат салысып жатқан мекемелерге және демеушілерге өзіміздің атымыздан алғысымызды білдіреміз. жәнеде осы акцияны үлкен көлемде әліде жалғастырады деп сенеміз.”

Сондай-ақ оқыңыз: