Алматы облысында 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды
Алматы облысында 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген ұйымдасқан қылмыстық топтың 17 мүшесі сотталды.
Сот үкімімен олар 2 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, қылмыстық топ екі жыл бойы заңсыз әкелінген 642 жүк көлігін талапқа сайкес келмейтін құжаттар арқылы тіркеген. Бұдан бөлек, VIN-кодтарын өзгерту арқылы 209 жеңіл автокөлік заңдастырылған. Заңсыз схемаға полиция, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері мен жеке нотариустар да тартылған. Олар ақпараттық жүйеге жалған мәліметтер енгізген. Салдарынан мемлекет бюджетіне төленбеген тіркеу және утиль алымдарының көлемі 6,6 миллиард теңгеден асқан. Тергеу барысында бюджетке 1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылды.